Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан астанасында карантин күшейтіледі
20:22 / 2020-10-13

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 14 қазаннан бастап карантин күшейтіледі


Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 14 қазаннан бастап карантин күшейтіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі қала әкімі Алтай Көлгіновтың ақпаратына сілтеме жасап.

Коронавирус індетін жұқтыру қаупінің жоғарылауы мен науқастардың санының артуына байланысты қалалық штаб отырысында бірқатар қосымша шектеулер қабылданды. Карантиндік шаралар ертеңнен бастап, яғни 14 қазаннан бастап күшіне енеді.

Біріншіден, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен олардың квазимемлекеттік секторының кемінде 60% қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Адам көп жиналатын жеке ұйымдар жұмысшыларды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруы қажет. Індетті жұқтырудың негізгі ошақтары - ұжымдық (еңбек) ошақтар. Жұмыс орындарында санитария-эпидемиология нормаларының қатаң сақталуын бақылау қажет.

Екіншіден, кафе, мейрамхана, бар, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін (9:00-ден 22:00-ге дейін) қысқартылады. Бұл - жұмыс және демалыс күндеріне де қатысты. Нысандарда 30 адамнан артық болмауы тиіс.

Нотариустардың, адвокаттық кеңселердің, бухгалтерлердің, консалтингілік, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және т.б. жұмыс кестесі сағат 18.00-ге дейін (9:00-ден 18:00-ге дейін) қысқартылады. Бұл - жұмыс және демалыс күндеріне де қатысты.

Азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын дүңгіршектерге сағат 18.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі. Демалыс күндері - жабық болады.

Моншалар, бассейнмен қамтылған сауналардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері - 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері - 9:00-ден 19:00-ге дейін. Алдын-ала жазылу міндетті.

Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекцияланады.

Үшінші. Полиция департаменті санитарлық дәрігерлермен бірлесе күнделікті рейдтер жүргізіп, санитария нормаларын ұстану бойынша заңбұзушылық фактілерін анықтау жұмысын күшейтеді.

«Рейдтер көптеген нысандардың санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталмай жатқанын көрсетіп отыр. Ұйымдар эпидемиологиялық талаптарды бірнеше рет бұзған фактілер болды. Мұндай рецидивистердің қызметі тоқтатылады», - деп жазды А.Көлгінов Instagram-да.