French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан астанасында кәмелетке толмаған балалар автобуста тегін жүретін болды
18:26 / 2020-02-27

Хабарда айтылуынша, бұл бастама 28 наурыздан бастап жүзеге асрылмақ


Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында кәмелетке толмаған балалар қалаішілік қоғамдық көлікпен тегін жүретін болды. Бұл туралы қалалық қоғамдық көліктерге жауапты «CTS» ЖШС басшысы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарда айтылуынша, 28 наурыздан бастап кәмелетке толмаған барлық бала қала ішінде қатынаушы қоғамдық көлікте тегін жүретін болған.

«CTS» басшысы Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша «Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деген Нұр-Сұлтандағы өтіп жатқан көрме-конференция барысында.