Әлем бокс тарихында өшпес із қалдырған аңыз боксшылар – Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер 2026 жылдың көктемінде өтеді деп жоспарланған жекпе-жекке келісім берді.
Майк Тайсон бұл жаңалықты өзінің Instagram парақшасында жариялап: «Бұл – мен де, әлем де ешқашан болады деп ойламаған жекпе-жек. Бокс енді күтпеген кезеңге өтті», – деп жазды. Ол Мейвезердің рингке шығуға келіскеніне өзі де қатты таң қалғанын ашық айтты.
Флойд Мейвезер болса, бұл кездесу оның кәсіби рекордына әсер етпейтінін атап өтіп, жанкүйерлер үшін нағыз «үлкен әрі аңызға айналатын шоу» болатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек спорт әлемінің тарихына ерекше белес болмақ.
Жекпе-жекті CSI Sports / Fight Sports ұйымдастырмақ. Әзірге нақты өтетін күні мен орны жария етілген жоқ. Дегенмен, екі алыптың рингке шығатынының өзі бүкіл әлем спорт қауымдастығын дүр сілкіндірді.
Бұл жекпе-жек, бокс әлеміндегі күтпеген әрі қайталанбас оқиға. Тайсон мен Мейвезердің жасы мен буын айырмашылығына қарамастан, екі аңыздың рингте жолығуы жанкүйерлерге шынайы спорт рухын сезіндіретін тарихи сәт болмақ. Бұлжағдай спортқа қатысты ғана емес, бүкіл дәуірді тоғыстырған үлкен мәдени құбылысқа айналатыны сөзсіз.