Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Аю торына тасталған қыз бен оның ағасы Ташкент хайуанаттар бағына өмір бойы тегін кіретін болды
15:26 / 2022-02-01

Бірнеше күн бұрын Ташкент зообағында анасы 3 жасар қызын аю қамалған торға лақтырып жібер қыз бен оның ағасы хайуанаттар бағына өмір бойы тегін кіретін болды.

Зообақ телеграм арнасының хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген қыз, Балалар жарақаттары хирургиясы және нейрохирургия бөліміне жатқызылып, тұрақты дәрігерлердің бақылауында болған. 

Қазіргі кезде 3 жасты қыз жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты. Динамика бақылау сараптамасы жүргізілген. Оның көңіл-күйі жақсы болып, медбикелерге тақпақ айтып, көңілдерін көтеріп жатыр. 

Қыздың көңіл-күйін көтеру мақсатында қыз бен оның ағасына Ташкент хайуанаттар бағына өмір бойы тегін кіруге рұқсат беру туралы шешімге келгені туралы жазылған Ташкент хайуанаттар бағы хабарында.

Юнусабад аудандық прокуратурасының тергеушісі Отабек Бозоровтың айтуынша, Юнусабад аудандық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 25-бабы 2-бөлігінің «в» тармағы (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Аю торына қызын тастаған ана бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған.