Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Аякс» клубы 35-ші рет Нидерланды чемпионы болды
11:10 / 2021-05-03

Амстердамның «Аякс» футбол клубы тарихта 35 дүркін Нидерланды чемпионы атанды.

Эредивизияның 31 тур аясында «Аякс» өз алаңында «Эмменді» 4: 0 есебімен жеңіп, маусымда мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

Матчтың 10 минутында есепті амстердамдық қорғаушы Юрриен Тимбер ашты. 61-минутта  шабуылшы Себастьян Алле есепті еселей түсірген болса (2-0), үшінші голды қорғаушы Девайн Ренч соқты. Алаң иелерінің толық бақылауында өткен кездесудің 74-минуында нидерландтық жартылай қорғаушы Дэви Классен соққан төртінші голды соғып, «Аякстың» тарихи жеңісіне сеп болды.

Амстердам клубы үшін бұл жетістік тарихтағы 35-ші жеңісі. Клуб соңғы 10 жыл ішінде 5 мәрте чемпион атанған.