ФОТОРЕПОРТАЖ
Археолог ғалымдар 100 гектар аумақты алып жатқан археологиялық ескерткіштің 11-ші қазба орнынан табылған жерді зерттеп жатыр.
[gallery-16705]
- Кірпіштен салынған, арнайы дәліз арқылы баспалдақпен түсетін арка түрінде салынған бұл орын өте жақсы сақталған. Баспалдақпен түсетін құрылымдар қандай мақсатта пайдаланылды, әрине, оны мұқият тексеру керек. Алдын ала қорытындылар бойынша, бұл құрылым бағалы заттарды немесе азық-түлік өнімдерін сақтайтын қойма болған деп болжаймыз. Нақты мәлімет қазба жұмыстары толық аяқталған соң белгілі болады, – дейді Ахсикент археологиялық саябағының ғылыми қызметкері, археолог Шукрулло Насриддинов.
Қазіргі уақытта қазба жұмыстары жүріп жатыр. Жер асты бөлмесі толық ашылғаннан кейін оның өлшемдері нақтыланады.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАЛИЕВ, ӨзА