Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ахсикент тарихи кешенінде ашық аспан астындағы төрт мұражай салынады
17:27 / 2023-07-08

Наманган облысы, Турақорған ауданындағы «Ахсикент» археологиялық ескерткіш кешенін алқаптың ірі туристік орталығына айналдыру жобасы бойынша жұмыстар басталды.

Тарихи кешендегі арнайы жобаның бірінші кезеңі аясында археологтар зерттеп, ашқан төрт нысанда ашық аспан астындағы мұражайлардың құрылысы басталып кетті.

Келесі кезеңде туристерге арналған инфрақұрылымдық нысандар – ірі демалыс орталығы, қолөнер орталығы мен керуен сарай, басқа да нысандар салу көзделіп отыр. Жоспар бойынша көне Ахсикент ауылы мен Ахси ауылын өзен бойымен байланыстыратын үлкен туристік кешен салынады.

Ақсикент біздің дәуірімізге дейінгі 3 ғасырда қаланған және Ұлы Жібек жолының басты қалаларының бірі ежелгі Ферғана мемлекетінің астанасы болған.

Бүгінде Ахсикенттің 100 гектардай жері сақталған, бұл Ферғана алқабындағы ең ірі археологиялық ескерткіш. Археологтар теміршілер шеберханасын, 10-13 ғасырларға жататын монша қалдықтарын, сарбаздар үйін, мешіт, қорғаныс қабырғалары, жерасты суландыру желілерін, қолөнершілер махалласы, билеушінің резиденциясы – Арк қазба жұмыстары кезінде зерттеген.