Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Автокөліктерге газ толтыру станцияларының жұмысына уақытша шектеулер қойылады
11:19 / 2022-01-26

26 қаңтардан бастап Өзбекстандағы автокөліктерге газ құю бекеттерінің жұмысына уақытша шектеулер қойылады.

Энергетика министрлігінің  мәліметінше, бүгін сағат 09:30-дағы жағдай бойынша республикада электр қуатын беру 70 пайызға қалпына келтірілді. Бұл ретте бірінші кезекте тұтынушылар мен әлеуметтік нысандар электр энергиясымен қамтамасыз етілуде.

Тұтынушыларды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында өндірілген табиғи газ толығымен жылу электр стансаларына, әлеуметтік нысандар мен тұтынушыларға бағытталатын болады.

Осыған байланысты бүгіннен бастап автокөліктерге газ толтыру компрессорлық станцияларының жұмысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл ретте басқа да әлеуметтік емес заңды тұтынушыларға көгілдір отын беру тоқтатылады, делінген хабарда.