English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Австрияда зейнеткер Pfizer вакцинасынан кейінгі күні қайтыс болды
20:39 / 2021-03-27

Австрияның Хорн ауданы тұрғыны 88 жасты ер адам Pfizer/BioNTech коронавирустық вакцинасын салдырғанна кейін ертеңіне қайтыс болды.

Kronen Zeitung басылымының хабарынша, қария вакцинаның екінші иньекциясын сәрсенбіде қабылдаған. Зейнеткер вакцинаның алғашқы жанама әсерін түнгі уақытта сезінген және бейсенбіде дәрігерлердің көмегіне қарамастан қайтыс болған. Бірақ өлім мен вакцинация арасындағы байланыс әзірше анықталмаған. Бұл тексерістен өтеді, делінген хабарда.

Бұған дейін Австрияның Денсаулық сақтау жөніндегі федералды басқармасы Pfizer/BioNtech және AstraZeneca-мен вакцинациядан кейін 43 адам қайтыс болды деп хабарлап, олардың вакцинаға қатысы болмағанын мәлімдеген.