Австрия Ресей мұнайынан толық бас тартты
Австрия елі Украинадағы әскери операцияға байланысты ресейлік мұнайды сатып алудан бас тартты.
Kurier газетінің хабарлауынша, 2021 жылы Австрия импорттаған мұнай экспортының тек 7,8 пайызы немесе 596 мың тоннасы Ресей Федерациясынан келген.
«Ресейден мұнай сатып алу көлемі әрқашан өте төмен болып келген, Украинадағы жағдай басталғаннан бері біз оны нарықтағы басқа мұнаймен алмастырдық», - деп жазады басылым австриялық OMV Group компания өкіліне сілтеме жасап.
Австрияға мұнайдың ең маңызды жеткізушісі Қазақстан елі саналады және оның Австрия импортындағы үлесі 38,9 пайызды құрайды. Екінші орында Ливия (22,1%), үшінші орында Ирак (20,7%).