Австрия басшысы канцлерге үкіметті жасақтауды тапсырды
Австрияда парламент сайлауынан кейін ерекше жағдай қалыптасты. Үкіметті сайлауда екінші орын алған партияның басшысы құратын болды.
Австрия президенті Александр Ван дер Беллен сайлауда екінші орын алған Австрия халық партиясының жетекшісі, канцлер Карл Нехаммерге Австрияда жеңіске жеткен оңшыл халықтық Азаттық партиясының басшысы Херберт Киклдің орнына үкімет құруды тапсырды.
AFP хабарлауынша, бұл ерекше прецедент болып саналады. Ешбір партия оңшыл халықтық Кикл және оның басымдыққа ие болған партиясымен коалицияға кіруді қаламады. Қыркүйектегі сайлаудан кейінгі алғашқы келіссөздер кезеңінде ол серіктес таба алмады.