Австралияда COVID-19-қа қарсы вакцинация басталды
Австралияда халықты жаппай коронавирусқа қарсы емдеу процесі басталды.
21 ақпанда елде алғашқылардан болып премьер-министр Скотт Моррисон, бас дәрігер Пол Келли және медбике қызметкерлерінің жетекшісі Элисон Макмиллан COVID-19-ға қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын салдырған.
Елдің денсаулық сақтау министрі Грег Хант АВС арнасында берген сұхбатында, Австралияда вакцинацияның негізгі бағдарламасы 22 ақпанда басталады. Алғашқы апта ішінде елдің 190 қаласында шамамен 60 мың адамға вакцина егу жоспарланған.
Австралия үкіметі 150 миллион доза вакцина алу туралы келісімшарттарға қол қойып, онда COVAX бағдарламасы аясына AstraZeneca вакцинасынан 53,8 млн доза, Novavax-тан 51 млн доза және 20 млн доза Pfizer/BioNTech пен басқа түрдегі вакциналардан 25 млн доза алатын болған.