Австралияда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынды
Австралия үкіметі әлеуметтік желі пайдаланушыларының жасын шектейтін, яғни 16 жасқа толмаған азаматтарды олардан пайдалануды тыйым салатын заңды қабылдады.
Премьер-министр Энтони Албансенің мәлімдеуінше, Австралия «әлеуметтік желі пайдаланушылары үшін ең кіші жас шегін 16 жас етіп белгілейтін әлемдегі жетекші заңды» қабылдады.
Албансенің айтуынша, үкімет тиісті компаниялар мен әлеуметтік желі иелерінен 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың аккаунттар мен парақшалар жасай алмайтынын қамтамасыз етуді талап етеді.
«Үкімет жаңа заңды бұзғандарға қатаң жаза қолданады. Цифрлық платформалар 49,5 миллион Австралия долларына дейін (32 миллион АҚШ долларынан астам) айыппұлға тартылуы мүмкін. Snapchat, TikTok, Instagram және X (бұрынғы Twitter) сияқты әлеуметтік желілер жаңа ережелерге бағынатын болады», – деген үкімет басшысы.
Дегенмен Google Classroom және YouTube платформаларынан пайдалану шектелмейді.