Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Австралия әуекомпаниясы мыңдаған қызметкерін өз есебінен демалысқа шығарды
12:55 / 2021-08-03

Австралияның Qantas авиакомпаниясы 2,5 мыңға жуық қызметкерді өз қаражаты есебінен демалысқа жіберу жайлы мәлімдеді. Басшылық мұны елдегі коронавирустың өршуіне байланыстырған.

«Бұл шешім ішкі рейстердің ұшқыштары мен бортсеріктеріне, сондай -ақ Жаңа Оңтүстік Уэльс пен басқа да бірқатар аймақтардағы әуежайлардағы қызмет етуші мамандарға әсер етеді», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Qantas әуекомпаниясы басшылығы рейстердің қысқаруына байланысты осындай шешім қабылдаған болып, карантин аяқталғаннан кейін және рейстер қайта өз қалпына келе бастағанда барлық қызметкерлер өз жұмысын жалғастыруы айтылған.