Австралия премьер-министрі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы наразылықтарға қосылды
Австралия премьер-министрі Энтони Албанес әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап еткен жалпыұлттық наразылықтарға қосылды.
Синьхуа агенттігінің дерегінше, жексенбіде он мыңдаған австралиялықтар гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу үшін шара қолдануды талап ету үшін бүкіл ел бойынша шерулерге жиналды.
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық - індет. Біз жақсырақ жұмыс істеуіміз керек. Үкіметтер жақсырақ жұмыс істеуі керек, ал біз қоғам ретінде жақсырақ жұмыс істеуіміз керек", - деп жазған Э.Албанезе әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар әлеуметтік қызметтер министрі Аманда Ришворт баспасөз мәслихатында үкіметтің 2022 жылдың қазан айында енгізілген әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу жөніндегі 10 жылдық ұлттық жоспарының нәтижелерін бағалау үшін көбірек уақыт қажет екенін айтқан.