Австралия Палестинаны ресми түрде мойындамақ
Австралия Палестинаны ресми түрде мойындамақ. Бұл туралы елдің премьер-министрі Энтони Албанезе хабарлады.
Албанезенің айтуынша, оның үкіметі қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясында Палестинаны мойындау мәселесінде Франция, Ұлыбритания және Канадаға қосылады.
«Израиль мен Палестина мемлекеттері орнықпайынша, бейбітшілік тек уақытша ғана болуы мүмкін», – деді ол.
Премьер-министрдің сөзінше, Палестина ұлттық әкімшілігі өкілдері оны «ХАМАС содырлары болашақ Палестина мемлекетінде ешқандай рөл атқармайды» деп сендірген.
Энтони Албанезе бұл шешімді Палестинаның сыртқы саясатын өзгертетін тарихи қадам деп атады.