Австралия билігі елдің аборигендік туына құқықты 14 миллион долларға (20 миллион австралиялық доллар) сатып алды, енді оны ұлттық ту сияқты еркін пайдалануға болады.
ABC News-тің хабарлауынша, Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон ту енді барлығы үшін тегін болады, бірақ Австралия туы сияқты құрмет және абыроймен қарау керек деген.
Австралия аборигендік туы қоғамда ерекше құқықтық және саяси мәртебеге ие, болып, оны суретші Гарольд Томас әзірлеген. 2018 жылы аборигендік емес WAM Clothing компаниясы оны сатып алған. Осыған дейін тудың суретін кез келген кісі пайдалану үшін компаниядан рұқсат алып, қаламақы төлеуі шарт болған.
Ендігі кезде барлық австралиялықтар аборигендердің туын спорттық формалар, жейделер сияқты киімдерге көрсете алады. Одан бөлек спорт алаңдарын бояуға, веб-сайттарда, суреттерде орналастыруға, цифрлық түрде кез келген БАҚ-та рұқсат сұраусыз немесе пайдалану үшін ақы төлемей қолдануға болады.