Австралия Гран-приінде Шарль Леклер жеңіске жетті
Формула-1 бойынша Австралия Гран-приінде «Феррари» пилоты Шарль Леклер жеңіске жетті.
Мельбурн қаласындағы шағын жасанды көл айналасында орналасқан Альберт Парк автожарыс трассасында өткен турнирде монаколық 24 жасты жүргізуші Шарль Леклер финишті бірінші басып өтті.
Екінші орын «Red Bull» командасының жүргізушісіне Серхио Переске бұйырды. «Мерседес» командасының өкілі Джордж Рассел үшінші болды. Қазіргі чемпион Макс Ферстаппен мен төрт дүркін Формула-1 чемпионы Себастьян Феттель мәреге жете алмады.
Формула-1 бойынша жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон жарысты төртінші болып аяқтады.