Австралияда ағылшын-шведтік компаниясының COVID-19 қарсы AstraZeneca вакцинасын қолдануына шектеу қою жоспары жоқ екенін мәлім болды.
Бұл туралы бейсенбіде Канберрада өткен баспасөз конференциясында премьер-министр Скотт Моррисон мәлімдеп, «Дәл қазір мұндай шектеулерге ешқандай себеп жоқ, бірақ біз жаңа ақпаратты бақылауды жалғастырамыз», - деген ол Reuters агенттігі хабарында.
Өткен күні Ұлыбританияның вакциналар мен иммундау жөніндегі бірлескен комитеті (JCVI) 30 жасқа дейінгі адамдарда AstraZeneca қауіпсіздігі туралы алаңдаушылық білдірді.
Австралия билігі AstraZeneca-мен вакцинациялау нәтижелерін шұғыл зерттеуге бұйрық берген. Нәтижелер туралы есеп берген Австралия үкіметінің медициналық кеңесшісі Пол Келли вакцина негізінен қауіпсіз және тиімді, ал тромбоз өте сирек кездеседі деп мәлімдеді.
Австралия үкіметінің жоспарына сәйкес 26 млн жуық тұрғындарының көпшілігі AstraZeneca вакцинасын алуы керек. Бұл препараттың 50 млн дозасын Австралияның фармацевтикалық компаниялары шығарады. Қазірше оның шамамен 2,5 мл дозасыы шығарылды, қабылдаудан өтті және дәрігерлер мамыр айында вакцинациялауды бастайтын вакцинация пункттеріне таратуға дайын. Австралия билігі осы аптада әр тұрғынға қазан айының соңына дейін COVID-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын егу үшін елдегі вакцинация орталықтарының санын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.