Австралия АҚШ-тан 5 ядролық сүңгуір қайық сатып алмақ
Австралия АҚШ-тан 5 ядролық суасты қайықтарын сатып алғысы келеді және ұзақ мерзімді перспективада Вашингтон және Лондонмен бірге осындай суасты қайықтарының жаңа буынын жасағысы келеді.
Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе 13 наурызда Сан-Диегода (Калифорния) АҚШ президенті Джо Байденмен және Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен кездесті.
Албанезенің пікірінше, бұл «Австралия тарихындағы қорғаныс саласына салынған ең үлкен инвестиция». Жоба ұлттық экономиканы қолдап, тікелей «20 мыңға жуық жұмыс орнын» құруға мүмкіндік береді», - деген премьер-министр.
Байден, өз кезегінде, Вашингтонның Австралиямен және Ұлыбританиямен ядролық суасты қайықтары бойынша ынтымақтастығы «бейбітшілік болашағын ондаған жылдарға кеңейтеді» деген Ақ үй басшысы.