«Аватар-2» фильмінің түсірілімі аяқталды
Режиссер Джеймс Кэмерон «Аватар-2» фильмінің түсірілімі аяқталғанын мәлімдеді
Режиссер Джеймс Кэмерон «Аватар-2» фильмінің түсірілімі аяқталғанын мәлімдеді.
«Cinema Blend» порталының хабарында: «Біз «Аватар» фильмінің екінші бөлімінің түсіру жұмыстарын 100 пайыз соңына жеткізіп, «Аватар-3» шамамен 95 пайызға аяқталды», - деген режиссер.
2017 жылда Жаңа Зеландияда басталған түсірілім жұмыстары ойдағыдай болмаған. Кэмеронның айтуынша коронавирустық пандемияға байланысты түсірілім жұмыстарын біршама тоқтап қалғанының нәтижесінде «Аватар-2» фильмінің премьерасы бір жылға кешігіп өтетін болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 2022 жылдың 16 желтоқсанында үлкен экарндарға жол тартпақ.