Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді
Ауыр атлетикадан 2025 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионаты Ташкент қаласында өтеді.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының Атқару комитетінің Қатарда өткен отырысында болашақ жарыстардың қожайындары анықтады.
Жиында Ташкент қаласы 2025 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын қабылдаушы болып жарияланды. Бұған дейін де осы турнир 2018 жылы Өзбекстан астанасында өткен еді.
2026 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатын өткізу Қытайдың Нинбо қаласына берілді. Бұл жарысты 2024 жылы Бахрейн, 2025 жылы Норвегия қабылдайды.
Еске салар болсақ, 4 желтоқсанда Қатарда ауыр атлетикадан Гран-при турнирі басталды. Бұл жарыс Париж-2024 Олимпиадасына рейтингтік ұпайларды береді.