Ауыр атлетика Лос-Анджелестегі Олимпиада бағдарламасына енгізілді
Ауыр атлетика Лос-Анджелестегі XXXIV Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалады.
Мұндай шешім Мумбайда өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 141-сессиясында қабылданып, Олимпиада жарысының бағдарламасы бекітілді.
«Менің сөзім әлемдік ауыр атлетика отбасына, әсіресе спортшыларға арналады.Бұл жаңалық қуануға тұрарлық.
Біздің ынтымағымызды, күш-қуатымызды және өзгерістерге деген ұмтылысымызды ескерген Халықаралық Олимпиада комитетіне алғысымызды білдіреміз», - деді Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысы Мохаммед Джаллуд.
ХОК бұған дейін жалаулы футболды (американдық футболдың шектеулі байланыс нұсқасы), сквошты, лакроссты, бейсболды/софтболды және крикетті 2028 жылы Лос-Анджелестегі ойындарға қосуды мақұлдаған.
Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындары 2028 жылдың 14-30 шілдесі аралығында өтеді.