Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Australian Open турнирінде жанкүйерлер саны шектеледі
12:17 / 2022-01-14

Теннис бойынша Australian Open турниріндегі кездесулерді корттан тамашалайтын жанкүйерлер саны шектелетін болды.

Ресми хабарламаға сәйкес, жарыс ұйымдастырушылар барлық билеттерді сатпайды, бірақ сатылған билеттердің де күшін жоймайтынын мәлімдеп, бұл шешімге елде коронавирустың таралуы және белгілі бір процедуралардың енгізілуі түрткі болғанын айтқан.

Қазірше Australian Open турниріне әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичтың қатысуы нақты айтылмады. БАҚ дерегіне қарағанда ел билігі оны Австралиядан депортациялауды жоспарлауда.

Еске сала кетейік, «Үлкен дулыға» санатындағы турнир 17 қаңтарда басталып, 30 қаңтарда аяқталады.