Australian Open: Жасөспірімдер арасында алғаш рет ирандық теннисші жеңіске жетті
Ирандық Мешкатолзахра Сафи жасөспірімдер арасында өткен Australian Open турнирінде жеңімпаз атанды.
Бұдан бөлек 17 жастағы теннисші ITF Топ-100 рейтингісіне енген алғашқы ирандық әйел теннисшіге айналды. Қазіргі уақытта ол 74-ші орында.
ITF баспасөз қызметіне берген сұхбатында: Мен теннис ойнай бастағанда маған ешкім сенбеді. «Үлкен дулыға» турниріне қатысуым тек арман болды, - деген Сафи.
Ол Иран мұсылман елінің ережесі бойынша кортқа орамал тағып, жабық көйлек шыққан.