Australian Open-2022 іріктеу ойындары Таяу Шығыста өтуі мүмкін
Australian Open-2022 турнирінің іріктеу ойындары осы маусымдағыдай Таяу Шығыста өтуі мүмкін.
The Times-тің хабарлауынша, ұйымдастырушылар Австралияда турнирге қатысушылар мен олардың командаларына берілетін арнайы шақырулар санын азайту үшін осындай нұсқаны қарастыруда. Әйелдер арасындағы іріктеу Дубайда және ерлер жарысы Абу -Дабиде өтеді деп жоспарланған. Турнир қызметкерлері үшін чартерлік ұшақтар 23-26 желтоқсанда ұшпақ.
Australian Open турнирі келес жылдың 17 қаңтарында басталуын ескере отырып, іріктеу жарыстары осы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған.