2021 жылы Өзбекстанда ашық аукцион арқылы 298,8 млрд сумдық бағадағы автокөлік нөмірлер сатылды.
Республикалық тауар биржасының хабарлауынша, көлік нөмірлерін сату саны бойынша 40 пайызға, көлемі бойынша 21 пайызға өскен.
Сондағы мәліметке қарағанда, жасалған бір транзакцияның орташа құны 2,1 миллион сумды құрайды. Сатылған автокөлік нөмірлерінің 91 пайызын жеке тұлғалар, 9 пайызын заңды тұлғалар сатып алған. Өткен кезеңде сатылған автокөлік нөмірлерінің ең төменгі бағасы 450,5 мың сум, ал ең қымбат көлік нөмірі 441,5 миллион сумға бағаланған.
Бәсекелестік сауда-саттық нәтижесінде келісімнің 37 пайызы бірінші, 22 пайызы екінші, 13 пайызы үшінші, 9 пайызы төртінші, 9 пайызы бесінші және 10 пайызы алтыншы санатқа тура келген.
Республиканың өңірлері бойынша көлік нөмірлерінің ең көп саны Ташкент қаласы мен Ташкент облысы (48%), Самарқанд пен Ферғана (8%), Наманган, Әндіжан (6%) және Бұхара (5%) облыстарында сатып алынған.