Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауғанстанның Герат қаласында атыс болып, 17 адам қаза тапты
09:45 / 2021-10-25

Ауғанстанның Герат қаласында Талибан мен белгісіз қарулы адамдар арасында болған атыс кезінде 17 адам, оның ішінде балаларда қаза тапты.

Ettela'at-e Rooz басылымының хабарлауынша, атыс кезінде жеті бала, үш әйел және жеті ер адам (ерлер қатарында талібтер) мерт болған.

Атыс жергілікті уақытпен сағат 11.40 -та басталып, 2 сағаттан астам уақытқа созылған. Қарулы қақтығыс кезінде ауыр қарулар да қолданылған. хабарда Талибанға қарсы шықасқандар арасында ДАИШ жақтастары бар екені айтылады.

Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, «Талибанға» оқ жаудырған төрт адамның барлығы атыс кезінде көз жұмған.