Ауғанстанның 24 азаматы Өзбекстанға шекараны заңсыз кесіп өтті
Ауғанстанның 24 азаматы Өзбекстанға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен.
Мемлекеттің қауіпсіздік қызметі шекара әскерлері баспасөзінің хабарлауынша, 2022 жылғы 21 тамызда Сұрхандария облысының «Пайғамбар аралы» ауданында бір топ ауған азаматтары мемлекеттік шекараны бұзып, қайықпен аралға қарай әрекет ееткен. Тәртіп бұзушылар ауданға келген Өзбекстан шекара әскерлерінің сарбаздарына қарсылық көрсеткен.
Өзбекстан шекарасын бұзған 24 адамның барлығы да жеке басын анықтау және жедел-іздестіру шараларын жүргізу мақсатында қолға алынған. Алдын ала дерек бойынша, шекарадан өткен ауғандықтар Өзбекстанмен шекаралас ауданда көптеп өсетін қызыл мия өсімдігінің тамырын заңсыз алуды көздеген.
Ведомсто мәліметінше, қазіргі уақытта «Пайғамбар аралы» аумағы Өзбекстан шекара әскерлері бөлімшелерінің толық бақылауында.