Ауғанстаннан Сұрхандария облысының аумағына снаряд түсті
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Сұрхандария облысының аумағына Ауғанстаннан снаряд түскені жөнінде мәлімет берді.
2022 жылдың 5 шілде күні сағат 16:20 шамасында Өзбекстанның шекаралас аймағына Ауғанстан аумағынан ұшырылған бес зымырандық гранатаның түскені белгілі болды.
Айта кетерлігі, снарядтар түскен орындарда кезде жарылыс болмаған. Осының арқасында адам шығыны және қираған орындар жоқ. Термез қаласының «Мәжнүнтал» ықшам ауданында орналасқан 4 үйге аздап зақым жеткен, бесінші снаряд футбол алаңынан табылды. Анықталған қару-жарақ саперлық бөлімшелермен залалсыздандырылды.
Қазіргі уақытта Өзбекстанның құзырлы органдары Ауғанстан тарапымен бірлесіп, бұл оқиғаның себебін анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асыруда, екендігі айтылған СІМ хабарында.