Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауғанстандық дәрігерлер Өзбекстанның коронавируспен күресу тәжірибесін үйренбек
09:44 / 2021-01-06

Ауғанстандық дәрігерлер коронавирусқа қарсы күресте Өзбекстан тәжірибесін зерттейтін болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің біртоп жауапты қызметкерлері мен дәрігерлерінен тұратын делегация 5 қаңтарда Өзбекстанға келді.

Сапардың мақсаты - Ауғанстанның медициналық мамандарына коронавирустық инфекцияның алдын-алу, тарауын болдырмау, диагностикалау және емдеу бойынша Өзбекстанның тәжірибесін үйрету мен қатар COVID-19 індетін емдеудің заманауи және тиімді әдістерін қолдану бойынша практикалық дағдылары арттыру болып табылады.

Соның негізінде Ауғанстандық 20 маманнан тұратын делегация Өзбекстанда он күн арнайы оқу практикасына қатысады. Осынау оқыту бағдарламасын коронавирустық инфекцияны емдеуге тікелей қатысты мамандар әзірлеген.