Ауғанстандағы жер сілкінісінде 250-ден астам адам қаза тапты
Бүгін, 1 қыркүйек күні сағат 00:17-де Ауғанстанның шығысында, Пәкістанмен шекараға жақын Хиндукуш таулы аймағында магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі 35 шақырым тереңдікте орналасқан.
Алғашқы мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан 250-ден астам адам қаза тапқан, 500-ден көп адам жарақат алған.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта апаттан қайтыс болғандар санына нақтылық енгізілуде.