Ауғанстандағы Өзбекстан жүк тасымалдаушыларына қойылған шектеу жойылды
26 желтоқсанда Көлік министрі Ильхам Махкамов Ауғанстанның Көлік және азаматтық авиация министрінің міндетін атқарушы Хамидулло Охунзода бастаған делегация өкілдерімен кездесу өткізді.
Минимтрлік мәліметінше, онда автокөлік тасымалы үшін алымдарды паритет негізде алуды қамтамасыз ету, Ауғанстан аумағы арқылы транзиттік және екі жақты тасымалдауды дамыту, теміржол көлігіне тарифтік ставкалар бойынша жеңілдіктер беру, «Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан» теміржол жобасы құрылысын жеделдету мәселелері талқыланды.
«Кезедесу соңында Ауғанстан аумағы арқылы халықаралық жүк тасымалдауда өзбекстандық тасымалдаушыларға қойылған шектеу жойылды.
Сондай-ақ, 2024 жылдан бастап тараптар халықаралық автомобиль тасымалы үшін алымдарды паритет негізінде белгілеу бойынша нақты міндеттер қойды», делінген хабарламада.