Ауғанстандағы екі жол-көлік оқиғасында 52 адам қаза тапты
Ауғанстанның Газни облысында болған екі жол-көлік оқиғасында кемінде 52 адам қаза тапты.
Газни облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, оқиға 18 желтоқсаннан 19 желтоқсанға қараған түні Шахбоз және Нани аудандарында орын алған. Екі қайғылы жағдай салдарынан қаза тапқандардан басқа, тағы 76 адам жарақат алған.

Қазіргі уақытта елдің уақытша үкіметінің өкілі Забихулла Мұжахид қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, тиісті мекемелерге апаттың себептерін мүмкіндігінше тезірек анықтауды тапсырған.