Ауғанстанда уақытша үкімет құрған Талибан қозғалысы, өз құрамындағы 34 мүшесін мемлекеттік қызметке тағайындады. Олар қатарында бірі министр.
Қозғалыс баспасөз хатшысы, ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахидтің Twitter -дегі парақшасында жарияланға хабарда, құжатқа сәйкес бекітілген әр лауазымға тек діни атағы бар тәліптердің өкілдері тағайындалған: төрт қари, 16 молда және 14 Мавлави (арнайы діни білімі бар молдалар).
Атап айтқанда, Молла Абдумаджид Ахунд шейіттер мен мүгедектер істері министрі болды және осылайша қыркүйекте құрылған уақытша үкіметтің 23 -ші мүшесіне айналған. Премьер-министрдің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары болып Мавлави Абдукабир тағайындалды. Мавлави Мати ул-Хакк Ауған Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы болды, ал қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі, жақында елде жаппай жазалаудың қайта басталатынын жариялаған молда Нұруддин Тураби оның орынбасары болды.