Ауғанстанда Талибанмен қақтығыста 20 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты
Ауғанстанның Гор провинциясының Толак аймағында «Талибан» радикалды қозғалысының содырларымен болған шайқас нәтижесінде қауіпсіздік күштерінің кем дегенде 20 қызметкері қаза тауып, тағы 20-сы жарақат алған.
Tolo News-тің хабарлауынша, қақтығыс жергілікті уақыт бойынша жұма күні кешке болған. Нәтижесінде бұл аймақ тәліптердің бақылауына өткен. Алайда аймақ басшысы Салман Юсуфи содырлардың аймақты басып алғаны туралы ақпаратты растаған жоқ.
«Талибанның сол жерге шабуыл жасауы салдарынан қауіпсіздік күштерінің жиырма қызметкері қаза тауып, тағы жиырма адам жараланды», - деген аудан басшысы.
Оның айтуынша, тәіптер қауіпсіздік күштерінің он шақты қызметкерін тұтқындаған.
Ауғанстанда үкіметтік күштер мен Талибан арасындағы қарама-қайшылық әліде оңды шешімін таппай келеді.