Ауғанстанда тағы да күшті жер сілкінісі тіркелді
Ауғанстанда 6,4 балдық күшті жер сілкінісі тіркелді.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, 6,4 балдық жер сілкінісінің ошағы шамамен 272 мың тұрғыны бар Герат қаласынан 34 шақырым жерде болған.
Біраз уақыттан кейін елдің батысында Гераттан 28 шақырым жерде 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Табиғи апат салдарынан үйлердің қирағаны, адамдар үйінді астында қалып қойғаны айтылады хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ауғанстанда күшті жер сілкінісі болып, салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапқан еді.