Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салынған
09:38 / 2021-11-03

Ауғанстанда үкіметті қолына алған тәліптер ішкі саудада шетел валютасын пайдалануға тыйым салды.

«Елдегі экономикалық жағдай мен ұлттық мүдделер барлық ауғандықтардың кез келген транзакцияда тек ауғаний (ұлттық валюта – ред.) пайдалануын талап етеді», - деді Талибан өкілі Забихулла Муджахид.

Ауғанстан үкіметі тиісті жарлыққа қол қойып, талапты орындамағандар жауапқа тартылатыны хабарланды.

Tolo News ақпарат агенттігінің дерегінше, Ауғанстанның Орталық банкі АҚШ долларын үнемдеу үшін шетелден ақшаны тек ұлттық валютамен аудару туралы қаулы шығарған. Сондай-ақ банк 6 қазанда елдегі барлық сауда операциялары тек ұлттық валютада жүргізілсін деген шешім қабылдады.