Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға тыйым салынды
Ауғанстанның жоғарғы басшылығы мемлекеттік қызметшілерге жұмыс орнында смартфон қолдануға ресми түрде тыйым салды.
Tolo News порталының хабарлауынша, аталған шешім мемлекеттік мекемелерде жоғары жылдамдықты және сымсыз интернетті өшіру туралы алдыңғы бұйрықтан кейін бірден қабылданды.
Дереккөздерге қарағанда, смартфонға тыйым салудың басты мақсаты – қызметкерлердің интернетті «дұрыс пайдаланбауының» алдын алу және «бейәдеп контентті» көруге жол бермеу.
Аута кетейік, Швеция билігі 2026 жылдың күзінен бастап елдегі барлық мектептерде оқушыларға мобильді телефон қолдануға тыйым салынатынын жариялады.