Ауғанстанның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болып, 300-ге жуық адам қаза тапты.
Aamaj News ақпарат көзінің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 280-ге жетіп, тағы 600 адам жарақат алған.
21 маусымда Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысындағы шалғай аудандарда, Пактика және Хуст провинцияларында күшті жер сілкінісі болды. Америкалық сейсмологтардың мәліметі бойынша, магнитудасы 51 км тереңдікте 6,1 балдық жер сілкінісі адамдардың көпшілігі әлі ұйықтап жатқанда таңертең орын алған.
Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хуст қаласынан оңтүстікке қарай 44 шақырым жерде болған.
Жер сілкінісі Пәкістан мен Үндістанды қоса алғанда, ел шекарасынан 500 шақырымнан астам жерде сезілді. Америкалық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің күші Ауғанстан астанасы Кабул мен Пәкістан астанасы Исламабадта да сезілген.