Бұған дейін елде интернет толық өшірілген еді. «Талибан» өкілі мұны оптикалық талшықты желілердің жөнделуімен байланыстырды.
29 қыркүйек күні әлемде интернет еркіндігін бақылаумен айналысатын NetBlocks ұйымы оптикалық талшықты интернеттің өшірілуін «Талибан» елде «руханиятты қамтамасыз ету шараларын» жүзеге асыра бастағанымен түсіндірген болатын.
30 қыркүйекте Ауғанстанда билік жүргізіп отырған «Талибан» қозғалысы бұл айыптауларды жоққа шығарып, интернеттің сөнуін «оптикалық талшықты инфрақұрылымның істен шығуымен» байланыстырды.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл елде интернеттің өшуі банк, сауда және авиация салаларында іркілістерге әкелгені жайлы алғашқы ресми мәлімдеме болды.
«Талибан» өкілі Забиһулла Мужахидтің сөзінше, қазір оптикалық талшықты желілер ауыстырылып жатыр. Сондай-ақ ол «Талибан бүкіл ел бойынша интернетке кіруді шектеді» деген ақпаратты «қауесет» деп атады.