Ауғанстанда автобустың жарылысынан 16 адам қаза болды
Ауғанстанның Забул провинциясында автобус жолына қойылған бомба жарылып, оның салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тапты, деп хъабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Оқиға Шахр-а-Сафа маңында болып, автобуста 25 адам болғанын айтылады. Жергілікті 1TV телеарнасы, жарылыс салдарынан тағы 41 адам жарақат алды деп хабарлайды.
Дәл осы күні тағыда бір автобус жолына қойылған мина жарылып оның салдарынан екі бейбіт тұрғын мерт болып, тоғыз адам жарақат алған. Бұл жағдай Парван провинциясы жолында орын алды, делінген Tolo News ақпаратында.