Ауғанстанда аномальды суықтан қайтыс болғандар саны 150-ден асты
Ауғанстанда суықтың салдарынан 157 адам көз жұмды.
CNN-нің хабарлауынша, Ауғанстанда ауа температурасының төмендеуінен қаза тапқандар саны бір аптада екі есеге артты.
Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы Ауғанстан халқына көрпе, жылыту құрылғылары және 565 мың адамға арналған баспана түріндегі көмек тарата бастағанын хабарлаған еді.
Ауғанстан кейінгі жылдардағы ең суық қыстың бірін бастан кешуде, қаңтар айының басында ауа температурасы 28 градус аязға дейін төмендеді. БҰҰ мәліметі бойынша, 30 миллионға жуық адам – ел халқының үштен екісі – өмір сүру үшін көмекке мұқтаж.