Ауғанстан Өзбекстандық жүргізушілер үшін төлемді азайтты
Ауғанстан Өзбекстандық жүк тасымалдаушы көлік жүргізушілерінен өз аумағында алынатын жинақтарды жалпы есепте 6 500 афғани (шамамен 99 АҚШ доллары) азайтты.
Бұл туралы ӨР Көлік министрлігі хабарлады.
Атап айтқанда:
- Амударья көпірінен өту үшін бұрын 12 мығ афғани (шамамен 182 АҚШ доллары) көлемінде алынатын жинақ биыл 28 қыркүйектен бастап 7 мың афғани (шамамен 106 АҚШ доллары) болып өзгертілді;
- Ауғанстанға жүк автотранспорт құралдарының кіруі үшін бұрын 5 мың афғани (шамамен 76 АҚШ доллары) көлемінде алынған жинақ 3 500 афғани (шамамен 53 АҚШ доллары) деп белгіленді.
Көлік министрлігі хабарында, Трансауған мультимодаль транспорт жолы арқылы жүк тасымалына қолайлы жағдайлар жасау және алынатын жинақтар көлемін оңтайландыру бойынша жұмыстардың жалғасып жатқаны айтылған.