Ауғанстан Сұрхандарияға жасалған зымырандық шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
Ауғанстан уақытша үкіметінің ресми өкілі Забихулла Муджахид Термезге Ауғанстан аумағынан жасалған зымырандық шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.
Забихулла Муджахидтің айтуынша, Ауғанстан аумағынан Термезге зымырандық шабуыл жасағандар достас Өзбекстан мен Ауғанстан арасында сенімсіздік ахуалын тудыру мақсатын көздеген.
Қазіргі уақытта Ауғанстан үкіметі оларды қамауға алу және жазалау үшін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда, делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде Сұрхандария облысы Термез қаласының «Мәжнүнтал» ықшам ауданына 5 снарияд Ауғанстан тарапынан атылғаны хабарланған еді.