Ауғанстан әскери-әуе күштерінің ұшағы Сұрхандаряда апатқа ұшырады
Ауғанстан әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақ Сұрхандаряда апатқа ұшырағаны расталды.
Қорғаныс министрлігі Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттерінің алдын алынды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар бұл істі тергеп жатыр.
Осы жағдайға орай тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілетін болады, делінген хабарда.