Ауғанстан делегациясы Ташкентке келді
Ауғанстанның уақытша үкіметінің Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Әмір Хан Муттаки бастаған делегация Өзбекстанға келді.
СІМ мәліметінше, қонақтарды Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев қарсы алған.
Ауғанстан делегациясы 2022 жылғы 25-26 шілде күндері Ташкент қаласында өтетін «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» атты халықаралық конференцияға қатысады.