English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауғанстан делегациясы Самарқандқа барды
16:31 / 2022-07-30

29 шілдеде Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттақи бастаған делегация Самарқандқа барды.

Қонақтарды Самарқанд вокзалында облыс әкімі Еркінжон Турдимов қарсы алды.

Делегация мүшелері Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исмат Иргашевпен бірге Самарқанд қаласындағы киелі орындар мен тарихи ескерткіштерді аралады. Атап айтқанда, жаңадан салынып жатқан Имам Бұхари кешенін зиярат ету барысында ұлы Мұхаммедке бағыштап құран оқылды.

Қонақтарға кешенде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары туралы ақпарат берілді. Он мың адамға арналған жаңа мешіт, кешендегі қажыларға жасалған жағдай қонақтарда үлкен әсер қалдырды.

Осыдан кейін Әмірхан Мұттақи Орталық Азиядағы алғашқы мешіт саналатын «Хазрет Хизр» мешітін, сондай-ақ Қожа Данияр мен Әмір Темір кесенелері және Мирзо Ұлықбек обсерваториясы, мұражай-кешендегі ұлы ғұламадардың тарихи нысандарын аралады.

[gallery-8071]

Ғ.ХАСАНОВ, 
А.ИСРОИЛОВ (сурет), ӨзА