Ауар-райы Өзбекстанда апта соңына қарай бәсеңдейді
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша апта соңына қарай Өзбекстанда ауа температурасы бәсеңдейді деп күтілуде.
9 тамыз ауа температурасы түнде 18-23, күндіз 33-38 градус жылы болады. Бұл осы кезеңдегі нормадан сәл ғана жоғары.
12-13 тамызда Қазақстан аумағы арқылы Жайықтан ескен салқын ауа Өзбекстан аймағына енеді. Аспанда бұлт болса да, жаңбыр жаууының ықтималы төмен. Елдің кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ауа температурасы түнде өзгермейді, күндіз 30-35 градусқа дейін төмендейді және климаттық нормаға жақындайды.