Ауа-райының қолайсыздығынан Қазақстан облыстарында жолдар жабылуда
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарындағы бағыттарда көлік жолдары жабылуда.
«ҚазАқпарат» агенттгінің хабарлауынша, бүгін Батыс Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауымен қатты боран соғуына байланысты осы аймақтардағы барлық бағыттар бойынша автожолдар жабылған.
22 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Атырау-Орал бағытында екі көлік соғысып, салдарынан 6 кісі қаза болған. Бір азамат ауруханаға жатқызылған.
Солтүстік Қазақстан облысында бүгін қатты аязға байланысты 0-4 сынып оқушылары мектепке бармаған.
Көлік жүргізушілерніе елді мекендерден ұзап шығу қауіпті екені жариялағаны айтылады, хабарда.